Биылдан бастап iKomek орталығы шұғыл қызметтер көрсетумен бірге қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты шағымдарды да қабылдайтын болады. Қаладағы бағытты автобустар жұмысына қатысты келіп түсетін шағымдар бойынша жылдам әрекет ету үшін Астанадағы “109” кезекші қызметі “Астана LRT” call-орталығының функциясын өз мойнына алды. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев хабарлады.
“Мұнда 16 секундта қоңырау шалуға болады. Сондықтан оған “Астана LRT” көлік қызметін қосып отырмыз. Шағымдар көп түседі. Бүкіл орталық барлық қалалық қызметке жұмыс істейді”, – деп мәлімдеді әкім Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен “109” қызметі кіретін iKomek мониторинг және шұғыл басқару қалалық орталығында өткен кездесуінде.
Әсет Исекешев тұрғындардан келіп түскен қоңыраулар ғана емес, әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерді де қарастыратын айтты. Әлеуметтік желілерде шағымдарға орташа есеппен 10 минутта жауап берілмек.
Енді “109” қысқа нөмірі арқылы, әлеуметтік желілер, Telegram-канал және чат-боттар арқылы да хабарласып көлікке өз-арыз шағымыңызды қалдырсаңыз болады.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?