Иран мен Сүрияның Қорғаныс ведомоствалары екі ел арасындағы әскери-техникалық әріптестіктерін дамытпақ. Бұл туралы ирандық IRNA ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, Сүрия Араб Республикасының Қорғаныс министрі Әли Абдалла Айуб пен оның әріптесі, яғни Иранның Қарулы күштер және қорғаныс министрі Амир Хатами әскери ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімшартқа қол қойған. «Бұл келісімшарт екіжақты әрекеттің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер қалыптастырады», - деп мәлімдеген Хатами. Ол, сондай-ақ Теһранның Сүрияның қалыпқа келтірілуі үшін оған жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. «Иранның жеке секторы жеткілікті потенциалға ие. Сондықтан да ол сүриялық халық пен үкіметке елдің қалпына келтірілуі үшін көмек бере алады», - деген ол. Өз кезегінде, сүриялық қорғаныс ведомоствасының басшысы да «жасалған әскери-техникалық келісімшарт Теһран мен Шам арасындағы ынтымақтастықтың дамып жатқанын көрсетеді» , - деген.

“The Qazaq Times”