26 тамыз үш тәжік азаматы мінген «Нива» көлігіне тосыннан шабуыл жасалып, екі адам оққа ұшты. Оқиға Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас аймағында орын алған.
Осы жылдың көктемінде Тәжікстандағы шекара әскерінің қолбасшысы Раджабали Рахмонали бұл аймақта жеті мың содырдың бар екенін айтқан. Сондай-ақ, аталған аймақ «Талибан» қозғалысының бақылауындағы жер.
Мәліметтер бойынша, шабуыл Ауғанстан жақтан болған. Шабуылды кімнің жасағаны анықталған жоқ. Қазірі уақытта күш құрылымдарының өкілдері оқиға барысын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тәжікстанның Мемлекеттік шекара қызметі оқиға жайлы нақты түсінік берген жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті