АҚШ президенті Дональд Трамп күтпеген жерден Солтүстік Кореядағы маңызды кездесуге бармайтын болды. Бұл туралы «Reuters» агенттігі хабарлайды.
Осыған дейінгі Солтүстік Корея басшысымен кездесу барысында Дональд Трамп Пхеньяндағы ядролық қарусыз аймақты залалсыздандыру жөнінде пікір білдірген болатын. Біраз уақыт көлемінде жоспарланған дипломатиялық іс-сапардың тоқтатылуы да сол себептен. Трамп Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы прогрессіз байланысты қатаң сынға алған. Ол: «Пхеньяндағы жағдай Уашингтонның Бейжіңмен қарым-қатынасының белгілі бір бағытта өрбуіне байланысты шешіледі» – деген пікір білдірді. Екі ел үшін саяси-драмалық шешімге келген Трамп 12 маусымда Ким Чен Ынмен өткен диалогында Пхеньян ядролық қарудан түбегейлі бас тартатынын мәлімдеген.
Трамп твиттердегі жазбасында: «Мемлекеттік хатшы Майк Помпеоға Солтүстік Кореяға бармауға бұйрық бердім. Меніңше, біз әлі де нақты нәтижелі болатын іске қол жеткізген жоқпыз» – деп жазды. Ал жауап ретінде: «Президенттің бұл шешімі өте дұрыс. Екі жақ бұл келіссөзге толық дайын емес. Помпео келген күннің өзінде, құрқол қайтар еді»,– деп жазды АҚШ-тың Кореядағы елшісі Кристофер Хилл.
Осыған дейін Трамп өз сұхбатында Солтүстік Корея мен Қытайға жеке тоқталып өткен. «Киммен өте жақсы «химиялық» байланысымыз бар. Арамызда химиялық реакция жылдам жүреді. Оңтүстік пен Солтүстік Корея басшылары 30 жыл бойы тер төккенде, мен ядорлық жарылыстарды дереу тоқтаттым. Резонанс туды. Ал Қытайға келер болсақ,сауда соғысы мен қарама-қайшылықтарда уақытша жағдайлар болмайды. Менің ұғымымда қысқалық жоқ. Тек шексіздік бар. 11 қарашада Қытай төрағасымен кездесуден де ештеңе күтпеймін. Ол оған әлі дайын емес деп ойлаймын», – деп түйіндеген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді