27 тамызда АҚШ-тың Ресейге Ұлыбритания экс-тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипальдің улануына байланысты салған жаңа санкциялары өз күшіне енеді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Федералдық реестерге санкцияны күшіне енгзетіні жайлы ескерткен. 8 тамызда жарияланған санкцияға сай, АҚШ ұлттық қауіпсіздігі саласымен байланысты тауарлар және Ресейге азаматтық мақсатта қолданылатын өнімдерді, технологияларды экспорттауға тыйым салынады. Бұған қоса, Ресейге мұнай-газ саласына қатысы бар электроника мен қосалқы құрылғылар жеткізуге шектеу қойылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің араласқаны үшін Конгреске жаңа заң жобасы енгізілген болатын. Құжатта Ресейдің «Сбербанк», «Газпромбанк», ВТБ, «Внешэкономбанк» сынды ірі банктерінің жұмыс істеуіне тыйым салу қарастырылған. Жаңа заң Ресейдің дербес қарызына байланысты транзакцияға шектеу қоюды мақсат етеді. 2014 жылы Ресейдің Украина шығысына жасаған агрессиясы мен Қырымды аннексиялағаны үшін Вашингтон Мәскеуге санкция салды. Содан бері екі держава арасындағы кикілжіңнің салдары АҚШ салған сансыз санкцияларға ұласып келеді. Санкциялардың салдарынан Ресей олигархтары мен компания басшылары «қоңыз теріп кеткен» болатын.
Осы уақытқа дейін Вашингтон жариялаған санкцияларға байланысты рубль құнысызданып кеткен болатын. АҚШ президенті Дональд Трамптың псенімділігне қарағанда, енді кезекті санкция енгізілген күннен бастап, Ресейдің жағдайы тіпті әлсірей түспек. Демек, Трамп «досың орыс болса, айбалтаң жаныңда жүрсін» – деген тәмсілді берік ұстанатын көрінеді. Ал өзінен әлсіздерге күш көрсетуді жөн санайтын В.Путиннің бұл жолғы әрекетін алдағы уақыттарда көре жатармыз.