Еліміздің бас дәрігерлерінің барлығы дерлік ағылшын тілін білуге міндеттеледі. Бұл туралы ШҚО мәслихат сессиясында Даниал Ахметов мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда 73 жергілікті медқызметкер Ұлыбритания мен Польшадан оқып келген. Алдағы жылы шетелге оқуға 80 маман жіберілмек, олардың барлығы аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері мен күрделі заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері.
Шетелден білім алмаған мамандар аурухананы басқармайды. 50 жасқа дейінгі мамандар толық ағылшын тілін оқып, шетелге оқуға барады. 8 жыл осылай жалғасатын болса, тамаша нәтижелерге қол жеткіземіз, - деді Ахметов.
«Қымбат жабдықтарды сатып алдық, ал ондағы орындалуы тиіс 20 амалдың қарапайым үш түрін ғана атқарып, мәз болып жүрміз. Бұлай болмау керек! Егер біздің дәрігерлер еуропалық дәрігердің орташа деңгейін орындай алмаса – ол қызметінен кетуге тиіс", - деге талап қойды аймақ басшысы.