Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық режимде латын әліпбиіне көшіріледі. Бұл туралы Астананың білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин дәстүрлі тамыз конференциясында мәлімдеді.
Жоба мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Негізгі идеясы орыс тілінде білім алатын сыныптарды кезең-кезеңмен мемлекеттік тілдегі сыныптарға айналдыру. Іс жүзінде бірінші сыныпқа келетін балалар сабақ барысында ақпаратты бастапқы қадамда 70 пайызын орыс тілінде, ал 30 пайызын қазақ тілінде оқитын болса, 5-сыныпқа барғанда оқыту тілін толығымен мемлекеттік тілге көшіру.
“Жалпы алғанда, Астана бірінші болып, барлық пилоттық жобаға қатысады. Біздің ұстаздар әрбір өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделеді. Осы жылы елордалық білім ордаларында жүзеге асырылатын бірнеше пилоттық жобалар бар. Мысалы, электрондық оқулықтарды пайдалану екі мектепке енгізіледі. Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық реижимде латын әліпбиіне көшіріледі”, – деді Әнуар Жанғозин.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы