Трамп үкіметінің Ауғанстанға қаратқан жаңа стратегиясына бір жыл толуына орай, Ауғанстанның бір жылдан бергі жағдайы көбірек талқылануда. Жаңа стратегия Ауғанстан жағдайына оңды әсер ете алмағаны туралы сын-пікірлер ақпарат кеңістігінде көбейе түсті.

Дегенмен, осы тұста Ауғанстанда  тұратын АҚШ-тың және халықаралық қарулы күштердің командирі мәлімдеме жасап, Трамп үкіметінің жаңа стратегиясы өз ықпалын көрсете бастағанын айтты. Ол жаңа стратегияның жемісі ретінде екі рет жарияланған атысты тоқтату келісімін алға тартты.

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери қолбасшысы Николсонның айтуынша, соғыс алаңында іске асырылған жаңа стратегия жаудың жоспарларына әсер етіп, оларды келіссөзге келуге итермелеген. Алайда, коалиция күштерінің елден кетпейтіні туралы мәлімдемеден кейін келіссөзден бас тартқан.

Былтыр сол елдегі нақты жағдайға байланысты Трамп үкіметі Ауғанстанда тұратын әскерлер санын көбейтіп, ел үкіметіне қолдау көрсететінін білдірген.

“The Qazaq Times”