Анкарадағы АҚШ елшілігіне белгісіз адамдар оқ атты – деп хабарлайды "CNN Turk" телеарнасы.

"CNN Turk" мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5-00 шамасында ақ түстік авто көлікке мінген белгісіз адамдар Анкара қаласындағы АҚШ елгілігіне оқ атқан. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталмыш оқиғаға байланыс қылмыстық іс қозғаған. Елшілік өкілдерінің хабарлауынша, қарулы шабуылдан жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге салайық, тамыз айының 1-і күні АҚШ Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойл мен әділет министрі Абдулхамид Гүлге санкция салған. Кейіннен 10 тамыз күні Ақ үй басшысы Дональд Трамп Түркиядан АҚШ-қа келетін алюминий мен болат өнімдеріне кеден салығын 50 және 20 пайызға өсіретіндіктерін мәлімдеген. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «АҚШ Түркияға қарсы экономикалық соғыс ашты» деп мәлімдеп, ел халқын АҚШ доллары мен техникасынан бас тартуға шақырған.

"The Qazaq Times"