АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Помпео жексенбі күні мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасындағы тікелей келіссөздерге қолдау көрсетуге, қатысуға және ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді. Осы күні Ауғанстан президенті Гани үкімет пен тәліптер арасында жаңа атыс тоқтату келісімін жариялаған болатын.
Помпео сөзінде: «Құрама Штат атысты тоқтату жаңа келісіміне қолдау көрсетеді. Бұл бастама Ауғанстан халқының бейбітшілікке деген сұранысына деген нақты жауап», – деді.
Мәлімдемеде: «Осыдан бұрынғы атысты тоқтату кезінде ауған халқы бейбітшілікке деген терең сезімі мен ұмтылысын көрсете алды. Біз кезекті атысты тоқтату бастамасының ауған халқына тыныштық әкелуін әрі бұл тыныштықтың ұзағынан болуын үміт етеміз», – делінген.
Жексенбі күні таңертең Ауғанстан президенті Ашраф Гани Үш айға дейін Талибанмен атысты тоқтату туралы бір жақты шешімін жариялады. Содан бірнеше сағат бұрын бүлікшілдердің солтүстіктегі бір аймаққа басып кіргенін және бірнеше ондаған қауіпсіздік қызметкерін өлтіргенін растаған еді.
Ауғанстан үкіметі кезекті біржақты атыс тоқтату шешімін Құрбан айтқа орай жариялағанын жеткізді.
Тәліптер жағынан президенті Ганидің шешіміне әлі жауап берілген жоқ.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді