Енді сотталушы жазасын Шымкенттен 35 шақырым жердегі Леңгір қаласындағы колонияда өтейтін болады.
“Бұл максимал қауіпсіздік мекемесі, яғни, қатаң тәртіптегі режим, шамамен 500 адам болады. Ғимарат 1976 жылы пайдалануға берілген болатын”, – деп мәлімдеді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің қызметкері Ғалымжан Хасенов.
Биыл 14 наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған. Оған Астана қалалық соты "10 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметтерде басшы лауазымында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіз мекемеде өтеу" туралы үкім шығарылған.
Еске саласақ , 2016 жылдың 30 желтоқсанында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген. Кейіннен оған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған және заңсыз алған қаражатты өз қажетіне жаратқан”, – деген айып таққан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді