Сүрия мен Ирактан «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының құрамында болған 1 мыңнан астам Орталық Азия елдерінің азаматтары Ауғанстанға қоныс аударуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі таңда Сүрия мен Ирак аумағында «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының 30 мыңға жуық содыры қалған. Олардың ішінде 1 мыңнан астам адам Орталық Азия елдерінің азаматтары және олар «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының жеңілісінен кейін Ауғанстанға қоныс аударуда.
Естеріңізге салайық, бұған дейін дәл осы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Ауғанстанда «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының құрамында болған 750-ге жуық Орталық Азия елдерінің азаматтары бар» деген ақпарат таратқан. «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Сүрия мен Иракта жеңіліс тапқаннан кейін Ауғанстан аумағында осы уақытқа дейін белсенділік танытпаған террорлық топтар қайтадан бас көтере бастаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?