Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-та шығарылатын электроника тауарларына байкот жариялайтынын мәлімдеді.
Ердоғанның сөзінше, АҚШ экономиканы Түркияға қарсы қару ретінде пайдалануда. Ресми Анкара осыған жауап ретінде АҚШ-тан шығарылатын электроникаға байкот жариялайды. Алайда, президент Ердоған байкот туралы ашып айтпаған. Ол тек, Түркияның ІЖӨ көлемі бойынша әлем елдері арасында 17-ші орын, ал сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі жөнінен 13-орын алатынын атаған.
«Анкараға деген дұшпандық қарым-қатынастың себебі осында... Егер, жергілікті немесе шетелдік кез келген маман Түркияның экономикалық көрсеткіші мен ұлттық валютасының қазіргі курсын сараптайтын болса, сәйкессіздіктің барын бірден байқайды», - деп келтіреді президент Ердоғанның сөзіне сілтеме жасап «Анадолу» агенттігі. Сонымен қатар, Ердоған Түркияның ұлттық валютаның өсуіне байланысты ұтылып жатқанын айтса да, түрік банк жүйесі әлемдегі ең мықты жүйенің бірі деген. Бәрімізге белгілі, жұма күні түрік лирасы 2001 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш — 18%-ға құнсызданған. Түрік лирасы АҚШ президенті Дональд Трамптың түрік болаты мен алюминийге салынатын кедендік салықтарды екі есеге көтеретінін мәлімдегеннен кейін бірден құнсызданған еді.
Ал, бүгін Ақ үй түрік лирасының құлдырауы Түркияның бұрыннан-ақ экономикалық проблемалары барын көрсетеді, - деп мәлімдеді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр