АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Сенат пен Өкілдер палатасының қабылдаған «2019 жылға арналған қаржы және қорғаныс құқығын қорғау туралы» заңға қол қойды. Бұл құжатта АҚШ-Қытай қатынасына қатысты бірқатар мазмұндар бар.
Жобада Құрама Штаттар мен Тайуан (Тайвань) арасындағы қорғаныс ынтымақтастығын нығайту, Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери әрекеттерін тежеу, Тайуанға қаратқан әскери оқу-жаттығуларына тыйым салу қатарлы мазмұндар кірістірілген. Бұлардан тыс заң жобасы шетелдік инвесторларды, инвестиция ағымын бақылауды күшейте түспек.
АҚШ-тың «2019 жылға арналған қаржы және қорғаныс құқығын қорғау туралы» заңына сәйкес, Трамп үкіметі кешенді жобаларды жүзеге асыруға бастамашы болуы тиіс. Ал, Қытай ісі жөнінде Қытайдың өнеркәсіптік саясаты, саяси ықпалы, аймақтық және жаһандық әскери әлеуеті сияқты көптеген салаларда қадағалаушылық етіп, тежеу, қарсы тұру шаралары арқылы АҚШ мүдделерін қорғау сынды міндеттері бар.
Трамптың аталған заңға дүйсенбі күні түстен кейін Нью-Йорктегі Друмгург әскери базасында қол қоюының да өзіндік мәні бар екенін айта кету керек.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді