Көлік реформалары аясында Оңтүстік астананың қоғамдық көліктерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Алматы қаласының әкімшілігі осы жылдың соңына дейін қоғамдық көліктерді 80%-ға дейін жаңартуды жоспарлауда, - деп хабарлайды қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде қалада барлығы 1560 автобус бар екен. Жыл аяғына дейін қала әкімшілігі жаңа қоғамдық көліктердің үлесін 80% дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, егер өткен жылы 479 автобус шыққан болса, оның 80% жергілікті бюджеттен сатып алынған, ал биылғы жылы 569 автобусты жеткізу жоспарланса, оның 65% -ы жеке компаниялардан.
Жеке тасымалдаушы «Думан Транс» ЖШС-нан №17 бағыт бойынша ISUZU маркасындағы 15 автобус шығарылса, «Олжас ЛТД» ЖШС-нан №62 бағытта қызмет көрсету үшін осыған ұқсас маркадағы автобустар сатып алынды. «Талап Т» ЖШС-нан №57 бағытты күшейту үшін Yutong маркалы бес жаңа автобус алынды.
«Біз үшін ең бастысы – қызмет сапасы. Біз қалалықтардың ықыласын толығымен бағдарлаймыз. Бұл салық төлеушілердің ақшасы, біз әрбір теңгені санауымыз керек. Жақсы қызмет көрсетіледі: адамдар разы, жаңа әрі таза автобустар, жүргізушілер мәдениетті. Демек, біз субсидия бөліп отырамыз. Қандай да бір белгі орындалмаса – ақшаны кері алып қоямыз.
Үш жыл бұрын жеке компаниялармен жеке қаражатын сенімді инвестициялауға мүмкіндік беретін көлік реформасын бастадық және ашық жүйе құрдық. Біз басында тасымалдаушыларға – заңдастырыңдар, кіріс және шығыстарыңды көрсетіңдер деп айтқан болатынбыз. Міне қазір, мысалға «Думан Транс» компаниясы электрондық билеттендіру жүйесінің арқасында өз қаражаттарын салып, банктен 50% алып отыр. Банк ешқашан анық емес бизнестің дамуына ақша бермес еді», - деп көрсетті қала әкімі Бауыржан Байбек.