Каспий саммиті алаңында Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау жөніндегі грамоталармен алмасты. Хаттамаға ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Түркіменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми сайты хабарлады.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартқа 2017 жылдың 18 сәуірінде Астанада екі ел президенттері қол қойған болатын. Бұл құжат екі ел арасындағы өзара сенім және жан-жақты ынтымақтастық негізінде стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатады, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды қазақстандық-түркімен ынтымақтастығының әлеуеті мен өзекті қажеттіліктеріне сәйкес сапалы жаңа деңгейге шығарады делінген.
Аталған шарт өзінің ережелеріне сәйкес үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде күшіне енеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті