Румыния астанасы Бухарестегі қарсылық шарасынан зардап шегушілер саны артуда. Соңғы мәлімет бойынша, қазіргі уақытта олардың саны 440-қа жетіп тұр. Бұл туралы "Agerpres" ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұдан бұрын келіп түскен ақпарат бойынша, 200 адам зиян шеккен еді.
Шерушілердің талабы — парламенттің таратылуы, мерзімінен бұрын сайлау, технократтар үкіметі, әділеттің орнауы, сонымен қатар, 100-і әртүрлі диаспора өкілдерінен құралдан 300 сенатор кіретін бірпалаталық парламент құру.
Бұдан бөлек, халық салық жүйесі мен зейнетақы реформасына, әлеуметтік көмек жүйесіне наразы. Олар экономика, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамытуды қалайды. Сонымен қатар, шерушілер Еуропа Одағы, НАТО сияқты ірі одақтармен серіктестік қарым-қатынасты дамыту, электронды дауыс беру және демократияны орнатуды сұрауда.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы