Ауғанстандағы Талибан күштері орталық қала Кабулға 150 шақырым жердегі Газни қаласына шабуыл жасады. Тәлібтер мен үкіметке қарасты қарулы күштер арасындағы сұрапыл қақтығыс бүгін түстен бұрын болған. Бұл туралы VOA ақпараттық қызметі хабарлады.
Жергілікті биліктің өкілдері мен тұрғындары да қарулы қақтығыстардың қала ішінде болып жатқанын растап, хабар таратқан.
Тәлібтердің БАҚ-қа бұл туралы берген мәліметінде, Талибан күштері бейсенбі күні түнде Газни провинциясының орталығында оннан астам әскери операция жасап, көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді басып алғандарын хабарлаған. Қазірге дейін тәлібтердің бұл мәліметін растайтын немесе жоққа шығаратын дербес ақпарат көздері жоқ.
Ауғанстандық БАҚ болса, қақтығысқа байланысты Кабул мен Газни арасындағы жолдардың жабылғанын хабарлады. Соңғы бірнеше ай ішінде Газнидегі қауіпсіздік мәселесінің қиындай түскені туралы ақпараттар таралып жатқан.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел