Грузия экс-президенті Михаил Саакашвили: «Путин Арменияны жайдан-жай уысынан шығар салмайды» - деп мәлімдеді
Жақында Ресейдің «Новая газета» басылымына сұхбат берген Михаил Саакашвили: «Кавказ күн өткен сайын өзгеріп келеді. Қазіргі Арманияда оянған халық сана-сезімін басқара алмай отырған әскер мен Ресей пропагандасы ғана бар. Десе де, Путин Арменияны жайдан-жай уысынан шығара салмайды. Путинге Пашинянның ұнамайтындығы анық. Менің ойымша, күзде Пашинянға қарсы халықтық толқулар ұйымдастырылады» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, сәуір айында Арменияны ұзақ жылдар бойы басқарған Серж Саргсян халық наразылығынан кейін билік басынан кеткен. Оның орнына мамыр айының басында қазіргі премьер-министр Никол Пашинян келген.
Айта кететін бір жайт, Арменяда болған халықтық толқуларға ресейлік БАҚ өкілдері мен сарапшылар тобы: «Бұл батыс пен АҚШ-тың іс әрекеті. Ресми Мәскеу Армениядағы толқуларға араласуы тиіс» деген пікірлер айтқан. Бірақ ресми Мәскеудің Еревандағы жағдайларға салқынқанды қарауынан кейін Кремль астауынан ас ішіп жүрген журналистер мен саясаткерлер өз көзқарастарын 180 градусқа өзгерткен.
Жалпы, соңғы уақыттары ресейлік сарапшылар мен журналистер тобы «Мәскеу көршілес мемлекеттердің ішкі істеріне араласуы тиіс» деген пікірлерді жиі айтуды. Бұл пікір 2014 жылғы Украина оқиғасынан кейін Ресей қоғамында кеңінен насихаттала бастаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?