Соңғы бірнеше жылдан бері нашарлай түскен АҚШ-Түркия қарым-қатынасын қайта ретке салу, екіжақты байланыстарды дамытуға соңғы уақытта қос тарап бірдей күш салуда. Бұл үшін екі елдің делегация тобы бір-біріне іс-сапармен барды. АҚШ Сыртық істер министрлігінің ресми өкілі Хеатер Науерт кеше АҚШ-Түркия ортасындағы мәселелерді реттеу келіссөздері жалғасатынын мәлімдеді. Бұл туралы VOA және «Анадолы» ақпарат агенттіктері хабарлады.
Түркия мен Құрама Штат СІМ басшыларының орынбасарлары Уашингтонда өткізген келіссөзден кейін екі елдің елшіліктері сенімді достық қарым-қатынасты жалғасты сақтайтындарын арт-артынан мәлімдеді.
Науерттің мәліметінде Түркия СІМ басшысының орынбасары Седат Өнал бастаған 9 адамдық делегация тобы АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Жон Сулливанмен сәтті келіссөз өткізген.
Екі ел қарым қатынасы НАТО-Түркия арасындағы шиеленіс, Ердоған билігі және 2016 жылғы 15 шілде оқиғасы қатарлы істерде АҚШ пен Түркия арасындағы қайшылықтар арта түскен. Трамп президент болудан ілгері, Анкара билігі террорлық топтың лидері деп таныған АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүленді елге қайтару ісінде де екі ел үкіметтері келісе алмаған болатын.