Венесуэла президенті Николас Мадуро өзіне қастандық жасаушы топқа 50 миллион доллар ұсынылып, олардың АҚШ-қа кетуіне уәде берілгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, осы қастандық әрекетіне Колумбияда ұзақ уақыт бойы дайындық жүргізілген, - деп хабарлайды Telesur.
Бұдан бөлек, Мадуро өзіне жасалған осы шабуылға тапсырыс берушінің есімін де атаған. Венесуэла президентінің айтуынша, ол — Колумбияда тұратын оппозиция лидері Хулио Борхес. Сонымен қатар, оның сөзінше, қастандықты жасаушылар ойларын жүзеге асыру үшін бірнеше күнді қарастырған. Алдымен, өткен айдың 24 шілдесінде өткен әскери шеру кезіне жоспарланған. Одан соң, 5-шілде Венесуэланың тәуелсіздік күнінде іске асыруға тырысқан. Ақыры, 5-тамызға тоқталған. Бұдан бұрын Мадуро өзіне жасалған қастандыққа Колумбия үкіметінің қатысы бар деп мәлімдеген еді. Президент Мадуро қолдарында Колумбияның осы іске қатыстылығын растайтын, әсіресе Колумбия президентінің тағынан кеткен Хуана Мануэл Сантосқа да қатысты дәлелдер бар екенін айтқан болатын.
Еске сала кетейік, 5 тамыз күні Венесуэланың Боливар ұлттық гвардиясының құрылғанына 81 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсім кезінде ел президентіне қастандық жасалған еді. Венесуэланың Байланыс министрі Хорке Родригестің сөзінше, президент трибунасына жарылғышы бар екі дрон бағытталған. Оқиға салдарынан жеті әскери жарақаттанған. Ал, Мадуроның өзі аман қалған.
Осы оқиғаға қатысты істі «Фланелді әскер» атты астыртын топ өз мойнына алып отыр. Дегенмен, қазіргі таңда істің мән-жайы жан-жақты тексерілуде.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес