Иран президенті Хасан Рухани: «АҚШ Иранға санкция салғаны үшін өкінетін болады» - деп мәлімдеді.
Al Mayadeen ақпарат көзінің мәліметінше, Хасан Рухани АҚШ-тың Иранға салған санкциясы жөнінде мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Теһран АҚШ санкциядарына қарамастан айтқан сөзінде тұрады. АҚШ Иранға санкция салғаны үшін өкінетін болады» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, тамыз айының 7-інен бастап АҚШ-тың Иранға салған санкциялары күшіне енген. Бұл жолғы санкциялар тізіміне Иранның кілем өндірісінен бастап, қарапайым ұшақ бөлшектерін импорттауына дейінгі аралықтағы дүниелер енген.