Сүрия Араб Республикасы босқындарды отандарына қайтару үдерісін сәтті жүргізуде. Әр-Растан мен Тел-Биса қалаларына қазірі уақытта бірнеше мың босқын қайтып оралған. Бұл туралы жергілікті билік хабарлауда, деп жазады avim.org.tr.
Тел-Биса қаласының тұрғындары қала қақтығыстан азат етілген уақыттан бастап екі есеге артқан. Қала басшылығы комитетінің өкілі Халед Вадидің сөзінше, үш ай бұрын қала террористердің бақылауында болған кезде ол жерде бес-ақ мың отбасы өмір сүрсе, қазір олардың саны 12 мыңға жеткен. Әр-Растан қаласына да қазіргі уақытта 1,5 мың босқын оралған. Негізінен босқындар Шам (Дамаск) мен өзге де қалаларға қоныс аударған. Себебі, бұл қалалар биліктің бақылауында болған екен. Аталған комитет өкілінің айтуынша, осы қалалар соғыс кезінде қатты қиратылып, үйлердің кем дегенде 70%-ы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Айта кету керек, соңғы уақытта Сүрияға билігі елдегі азаматтық соғыстың кесірінен баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған сүриялықтарды отандарына қайтаруды қолға алған еді. Халықаралық одақ тарапынан қауіпсіз деп саналған аймақтарға ағылған сүриялықтардың саны бүгінде соғыс басталғаннан бергі уақытпен салыстырғанда рекордты көрсеткішке жеткен.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті