Америка Құрама Штаттары 1 тамыздан бастап түркиялық министрлерге санкция енгізгеннен кейін түрік лирасы рекордты көрсеткішке дейін құлдырады, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

«Америкалық пастор Эндрю Брансоның қамауға алынуына байланысты Ақ үй Түркияның Әділет министрі Әбдүлхамид Гүл мен Сыртқы істер министрі Сүлеймен Сойлуға санкция енгізгеннен кейін түрік лирасы ең төменгі рекордты деңгейге жетті» , - деп жазылған Түркия Қаржы министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Естеріңізге салсақ, АҚШ-тың Қаржы министрлігі Түркияның екі жоғары шенді тұлғасына санкция салған еді. АҚШ-тың мұндай қадамға баруына америкалық пастор Эндрю Брансонның тұтқындалуы себеп болған болатын. Түркияның Измир қаласында тұратын протестанттық пастор 2016 жылдың соңында Түркияда тыйым салынған Күрд Жұмысшылар партиясы мен «ФЕТО» ұйымына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған. Қазіргі уақытта үйқамаққа алынған Э.Брансонға 35 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

“The Qazaq Times”