Ауғанстанда 150-ге жуық «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының содыры қауіпсіздік күштеріне берілді – деп хабарлайды ca-news ақпарат көзі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясындағы «Талибан» қозғалысына қарсы соғыстан кейін Ауған ұлттық армиясының 209 бөліміне өз еріктерімен берілген. Берілгендер арасында «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының басшыларының бірі Мавлами Хабибурахман мен оның көмекшісі Муфти Нематуллах бар.

Ауғанстан ұлттық армиясының хабарлауынша, тұтқындалған содырлар арасында ауғанстандықтардан бөлек Өзбекстан және Тәжікстан сияқты онға жуық мемлекеттің азаматтары бар.

“The Qazaq Times”