Иран лауазымдыларының бірі Йеменнің батыс теңіз жағалауында Сауд Арабиясының кемесіне бағытталған зымырандардың Иранға тиесілі емес деп мәлімдеді. Дегенмен Сауд Арабиясы бастаған коалицияның кемесіне шабуыл жасағандар Иранның жақтастары екенін растады. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
25 шілде күні Йменнің батыс теңіз жағалауына жақын жүзіп бара жатқан кемеге зымыран шабуыл жасаған болатын. Сауда Арабиясы Иранды Йемендегі Хусит күштеріне зымыран жеткізіп берді деп айыптаған.
Иранның Ислам кеңесі Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Хешсатулла Фалахатпише сөзінде: «Қызыл теңіз бен Йемен жағалауларындағы зымырандар Иранға тиесілі емес. Бірақ бұл зымырандар Иранды өздерінің жанашыры деп санайтын күрескерлерге тиесілі», – деді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес