Иран мен АҚШ арасындағы теке-тірес күшейген сайын Батыс елдері өздеріне жететін мұнай тасымал жолының өзегі Ормуз бұғазының жабылып қалуынан қатты алаңдауда. Жақында Ирактың осы саладағы сарапшы маманы бұл туралы пікір білдіріп: «Өңірдегі қайшылықтар салдарынан Ормуз бұғазы жабылатын болса, мұнайдың әр баррелі 400 АҚШ долларына дейін қымбаттайды», – деген болжам айтты. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Ирактың «әл-Малуме» арнасына сұхбат берген халықаралық саяси сарапшы Хамза Жавхери сөзінде: «Ормуз бұғазының жабылуы Батыстағы индустриялды елдердің көбі экономикалық құлдырауға ұшырайды. Бұл елдердің өндірісі мұнайға көбірек тәуелді. Ормуз бұғазының жабылуы Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына апарып соғады», – деді.
Өткен аптада АҚШ-Иран арасындағы асқына түскен қайшылық әлем назарын өзіне аударған болатын. Екі елдің басшылары бір-біріне қатаң ескертулер жасап, тіпті күш қолданудан тайынбайтынын да айтқан еді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес