Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қытай төрағасы Ши Жинпиң кездесті. Олардың кездесуі Оңтүстік Африка елі ұйымдастырған 10-шы реткі BRICS саммиты аясында өтті.
Оңтүстік Африка жеріне Ресей, Қытай, Бразилия және Үндістанның басшылары сапарлай барып, аталған саммитке қатысты. Бұл көш басындағы дамушы бес елдің арасында өтетін дәстүрлі саммит аталған елдерге ортақ даму жобаларын талқыға салатын дәстүрлі бас қосу.
Ердрған мен Ши арасындағы кездесу 40 минутқа жалғасқан. Екі лидер түрік-қытай экономикалық, стратегиялық қарым-қатынастар туралы кеңескен. Саммит аясында Ердоған Ресей президенті Путинмен де кездесу өткізген. Кездесуде Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы байланыстың айтарлықтай жоғары деңгейде екенін айта келіп: "Тіпті біздің қарым-қатынасымыз біреулерді қызғандырады", – деген. Бұдан өзге де жиналыстың лауазымды қонақтары өз ара кездесулер ұйымдастырып үлгерген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті