Сүрия президенті Башар Асад ресейлік әскерилердің Сүрия территориясынан жақын уақытта шығарылмайтынын мәлімдеді. Ақпарат құралдарына берген сұхбатында ол, Ресейдің әскери тұрғыдан килігуі тек терроризммен күресу үшін ғана емес, Таяу Шығыстағы саяси тепе-теңдікті сақтау үшін де керек екенін айтқан. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігінң француз редакциясы хабарлайды.
«Ресей Федерациясының қарулы күштері біздің аймақты айтпағанның өзінде, Таяу Шығыстағы балансты сақтау тұрғысынан өте маңызды. Олардың бізді территориямыздағы әрекеттері әлемдегі саяси тепе-теңдік өзгермейінше маңызды болып қала бермек», - деп жазады агенттік, Башар Асадтың сөзіне сілтеме жасап.
Сүрия басшысы Мәскеу мен Шамның (Дамаск) «енді тағы 40 жылдам астам» уақыт пайдаланылатын Хмеймимедегі базаға Ресей әскерін орналастыру туралы келісімшартқа қол қойғандарын да тілге тиек еткен. Еске сала кетсек, Ресей Федерациясы Сүриядағы азаматтық соғысқа 2015 жылдың қыркүйек айында араласты. Ол Асад режиміне қолдау көрсетіп келеді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр