Баткен облысында 25 шілдеде 40-қа жуық жол жөндеуші ереуілге шықты. Бұл жөнінде акцияға қатысушылардың бірі Алыбек Пазылов хабарлады.
Оның сөзінше, ереуілге шыққандар бірнеше айдан бері ала алмай жүрген айлықтарын талап еткен. “Төрт айдан бері еңбекақы бермеді. Бізді алдап, уақыт созып келеді. Жұмыс тоқтап тұр. Бұл жолы министр 25 шілдеде беріледі деп уәде беріп кеткен”, - дейді Пазылов.
Қырғызстанның жол және көлік министрлігі жақын уақытта мәселенің шешілетінін, құрылыс компаниясына ақша бөлінетінін жеткізді.
Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, Ош-Баткен-Исфан жолдарын жөндеуге Ислам даму банкі ақша бөлуге уәде берген. Бұл мақсатта 21 млн доллар бөлу керек. Былтыр көлік министрлігі мен Әзербайжанның «Алке Иншаат Санайи ве Тижарет» компаниясы арасында құрылыс жұмыстарын орындау жөнінде 18 млн долларға келісімге қол қойылған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды