Ирактағы екі аптаға созылған ереуілден 14 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы ИРНА ақпараттық агенттігі жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Жұмыссыздық пен әлеуметтік дағдарыстарға ашынған жұрттың ереуілі ең әуелі елдің оңтүстік аймақтарында басталған болатын. Кейін жаппай наразылық акциясы ел орталығы Бағдат қаласында жалғасты.
Ирактың оңтүстік аймақтарындағы ереуіл кезінде қаза болғандардың кейбіреуі қауіпсіздік күштерінің оғынан өлгені туралы да ақпараттар тарап жатыр. Бұл ереуілшілердің қарсылығын тіпті де күшейтіп жіберген.
Жұмыссыздық пен түрлі әлеуметтік қайшылықтар, электр жарығынсыз аймақтардың тұрғындары бастаған наразылық шарасы әлі де жалғасын табуда. Олар Ирак парламентінің дәрменсіздігін сынға алған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?