Ақ үй әкімшілігі Ресей президенті Владимир Путинді Уашингтонға шақырды.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, АҚШ тарапы Владимир Путинді 2018 жылдың соңына қарай Уашингтонға шақырған. Бірақ әзірге аталмыш іссапарға қатысты ешқандай дайындық шаралары басталмаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин Хельсинг қаласында кездескен. Кездесу барысында қос тарап тек бір мәселе бойынша ғана келісімге келген. Атап айтқанда АҚШ ұлттық қауіпсіздік өкілдері мен Ресей ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілдері тамыз айында кездесетін болып уағдаласқан.