Грекия билігінің мәліметінше, Афина қаласының маңындағы қатты өрттің салдарынан 50 адам қаза тапқан. Қаза тапқандардан бөлек, тағы 140 адам хәл үстінде.
Грекия министрлер кабинетінің ресми өкілінің сөзінше, өрт шалған адамдардың көпшілігінің жағдайы тым ауыр. Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас орман өртіндегі жағдайды бақылау мүмкін болмай тұрғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда өрт Афинаның үш тарапынан қаулауда. Кинет курорттық қаласының жағалауында, сонымен қатар, Рафин, Пикерми, Мати, Неос Вутзас және Пендели тауы төңірегінде өрт қатты болып тұр. Грекия билігі осы аймақтарда төтенше жағдай жариялады. Ципростың айтуынша, өрт сөндіруге 300 өрт сөндіру көлігі мен 600-ден астам адам жұмылдырылуда. Қатты желдің салдарынан қалың өртті сөндіру мүмкін болмауда. Осыған байланысты Грекия Еуроодақтан көмек сұрауға мәжбүр қалды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті