Түркияның Құқық қорғау органдары Анкарадағы Ресей елшісі Андрей Карловты өлтіру ісіне қатысы бар күдіктіні тұтқындады, - деп хабарлайды Anadolu.
Күдікті Түркия астанасы Анкарада ұсталған. Тергеу кезінде ол өзіне артылған кінәнің бәрін жоққа шығарған. Сот оны террорлық топтың жұмыстарына қатысқан деген айып тағуда. Еске салайық, 2016 жылдың желтоқсан айында Заманауи Өнер орталығында өткен ресейлік фотокөрменің ашылу салтанатында Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов өлтірілген еді. Оны өлтірген қылмыскер оқиға орнында ұсталған болатын.