Ирактың оңтүстігінде бір аптадан бері жалғасқан көтерілістерде 5 адам қаза тауып, 190 адам ауыр жарақат алған. Олардың көпшілігі қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Бұл туралы түркиялық «sondakika32.com» агенттігі хабарлайды.
Ирак парламентіне қарасты Адам Құқықтары Тәуелсіз Жоғары комиссариаты елдің оңтүстігінде бір аптадан бері тоқтаусыз жалғасқан көтеріліске қатысты статистика жұмыстарының әлі жүргізілетінін хабарлаған. Аталған комиссариат мүшесі Фадыл әл-Гарави бұл көтеріліске елдегі жоқшылық, жемқорлық мәселелерінің артуы мен электр көзінің тоқтатылуы себеп болғанын хабарлаған. Ирактың бірден бір табыс көзі саналатын әрі мұнай экспортының ауқымды бөлігін өндіретін Басра қаласында 8 шілде күні басталған көтеріліс Зикар, Вавилон, Мейсан, Дивания, Наджаф және Бағдат қалаларына жеткен. Айта кету керек, тұрмысқа қажетті қызметтердің реттелуін талап еткен көтеріліс су және электр энергиясы саласындағы ақаулықтар, жұмыссыздық және мемлекеттік мекемелердегі жемқорлыққа қарсы басталған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы