АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Иран өзінің дипломатиялық елшіліктері арқылы лаңкестік шабуыл жасамақ» – деп мәлімдеді.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео Иран мәселесіне қатысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Иран Ислам Республикасы өзінің дипломатиялық елшіліктері арқылы Еуропа елдерінде теракт жасамақ. Өткен аптада ғана Парижде лаңкестік шабуыл жасамақ болған Иран азаматтары ұсталды. Біз қазірдің өзінде Иранның Еуропаға деген өшпенділігін көріп отырмыз» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Германия аумағында Франция астанасында теракт жасамақ болды деген күдікпен Иран дипломаты ұсталған. Бірақ ресми Теһран Германия арнайы қызметінің бұл әрекетін арандату деп бағалап, қарсылық нотасын жіберген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды