Қазақстанның Ұлттық Банкі мен Өзбекстанның Орталық банкі банк саласына қатысты екіжақты келісімге қол қойды. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, аталған құжат қазақстандық банктер үшін Өзбекстанның банк нарығына шығуға құқықтық негіз қалыптастырады.
Осы құжат негізінде Тараптар екі мемлекеттің банк саласына қатысты өзгерістер мен жаңалықтарға қатысты ақпараттармен алмасатын болады. Сонымен қатар, нормативті-құқықтық реттеулер, бақылаулар әрі ұлттық заңнамалармен рұқсат етілген деңгейде банктік қадағалаулар жасаса алады.
«Қазақстан банктері қажетті талаптарға жауап берген жағдайда, оларға Өзбекстан территориясында трансшекаралық құрылымдар құру мүмкіндігі беріледі. Ол қандай талаптар дегенге келер болсақ, банктің 100 млн еуро көлемінде жарғылық капиталы болуы керек, сонымен қатар, халықаралық деңгейде ұзақ мерзімді несие рейтингі болуы шарт", - деген Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Акишевтің айтуынша, «Halyk bank» бұған дейін де өзбекстандық нарыққа қызығушылық танытқан. Ол, өзге де банктер көрші елде еншілес банктер құруды қалайды деген үмітте.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді