Ұлыбританияда биыл қызылша ауруымен ауырған балалардың саны әдеттегіден екі есеге артқан. Ал ағылшын саясаткерлері мен журналистерінің пікірінше, бұған «Солтүстік Лига» партиясының жетекшісі, Италияның Ішкі істер министрі әрі премьер-министрдің орынбасары Маттео Сальвини мен оған жақтас Марин Ле Пен кінәлі деп есептейді. Бұл туралы 24heures.ch хабарлайды.
Ағылшын денсаулық сақтау департаменті Италияға бұлайша кінә артуларына не себеп болғанын да жасырмады. Мәселен, қызылша ауруына қатысты әрбір төртінші жағдай Италияда тіркеледі. Ал осы аурумен ауыратын балалардың жартысы Италияға барып келгеннен кейін ауырады. «Times» журналистері баяндаған екінші дәлел ретінде мына жағдай айтылған. Қызылша ауруының өршуіне Италияның Ішкі істер министрі әрі премьер-министрінің орынбасары Маттео Сальвини мен франциялық оппозицияның жетекшісі Марин Ле Пен кінәлі. Себебі, ол екеуі де аталған ауруға қарсы екпенің егілуіне қарсы шыққан. Еске салайық, осыдан біраз бұрын Сальвини мектеп оқушыларына мөлшерден тыс екпе егіледі деген болатын. Енді, оның осы сөзі Ұлыбританиялық әріптестерінің оны қызылша ауруының таралуына кінәлауы үшін жеткілікті болуда. Енді, кейбір сарапшылар бұл мәлімдеме саяси кикілжіңге ұласуы мүмкін, - деп алаңдайды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті