Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны Қазақстанға шақырды.
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қайрат Әбдірахманов маусым айының 28-і күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен телефон арқылы сөйлескен. Тілдесу барысында Әбдірахманов пен Помпео екі жақтық қарым-қатынасты дамыту, сауда-экономикалық байланыс, ауылшаруашылығы және энергетика салаларын нығайту жөнінде әңгіме қозғаған.
Бұдан бөлек әңгіме барйсында қос тарап Ауғанстан мәселесін талқылап, аталмыш мәселеде Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің АҚШ және өзге де серіктестерімен ынтымақтаса жұмыс істеуі маңызды екендігін айтқан. Сөз соңында Қайрат Әбдірахманов Майк Помпеоны Қазақстанға ресми іссапармен келуге шақырған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?