АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін антиирандық санкциялар енгізу жоспарына қолдау білдіруге шақыруда. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-ғы өкілі Джонатан Коэн Қауіпсіздік кеңестің отырысында мәлімдеген, - деп хабарлайды "lemonde.fr" басылымы.

Коэннің сөзіне қарағанда, бұл санкциялар Таяу Шығыстағы «Иран қаупіне» қарсы тұру үшін керек. Сонымен қатар, ол "АҚШ Қауіпсіздік Кеңестің барлық мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеуге келіседі", - дегенді де қосты. Яғни, антиирандық санкцияларға қолдау көрсетуші қандай тарап болса да, Америка билігі олармен бірігіп жұмыс істеуе дайын. Бұдан Уашингтонның Иранға қатысты санкция салу саясатын әлі де жалғастыруда екенін көре аламыз. Айта кету керек, АҚШ Иранды Ядролық бағдарламаға сәйкес ортақ жоспар арқылы қалбылданған 2231, 2226, 2701 қарарларды бұзды деп айыптайды. «Бұл қарарларда Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Иранға қару жеткізуге тыйым салды. Біз, міне дәл осы үшін де ҚК мүше-елдеріне санкция салуда  бізге қосылуға шақырамыз» , - деді.

Естеріңізде болса, осы жылдың 8 мамырында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ядролық бағдарламасынан шығатынын мәлімдеген еді. Ол сол уақытта Иранға қарсы бұрынғы санкцияларды қайтарумен шектелмейтінін, енді оған қоса жаңа санкциялар да салатынынын хабарлаған болатын. Ал, Иран президенті Хасан Рухани өз кезегінде келісімшартты күшінде қалдыру үшін Еуроодақ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мүддесінің сақталуына кепіл болуға міндетті деп мәлімдеді. Ал, 26 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік департаменті өкілі тілшілерге АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын нөлге түсіруге ниетті екенін хабарлаған еді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұдан бұрын да Иранға салынатын санкцияя «тарихтағы ең қатал санкция болады» , - деп мәлімдеген болатын. Осыған орай, күні кеше Иран президенті: «Тіпті ел басына өте қиын жағдай туса да, мен ирандықтардың негізгі қажеттіліктерден таршылық көрмейтіндіктеріне уәде беремін. Бізде қант та, бидай да, өсімдік майы да жетеді. Біз шетелдік валютаға өте баймыз», - деген ол.

“The Qazaq Times”