Сооронбай Жээнбеков: «Қырғызстанға парламенттік басқару жүйесі сай келеді» – деп мәлімдеді.
Маусым айының 27-і күні парламент отырысында сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков: «Қырғыздардың болмысына парламенттік басқару жүйесі сай. Мен Қырғызстанда парламенттік демокартия орнатуды көздеймін. Елде авторитаризм орнату талпыныстары жойылуы тиіс деп есептеймін» - деп мәлімдеді.
Сооронбай Жээнбеков билік басына 2017 жылдың қараша айында келген. Оған сайлау кезінде сол кездегі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі ашық қолдау көрсеткен. Сол сәтте сарапшылардың басым көпшілігі Жээнбековқа «Атамбаевтың ісін жалғастырушы» - деген баға берген. Бірақ Жээнбеков президент болып сайланған сәттен бастап өз маңайын Атамбаев адамдарынан тазартып, сарапшылар болжамын жоққа шығарған. Осыдан кейін ел арасында «Атамбаев пен Жээнбеков арасында билік үшін талас жүріп жатыр» - деген пікір қалыпсатқан. Бұл пікір экс-премьер Сапар Исаков жемқорлық айыбы бойынша тергеуге алынғаннан кейін тіпті үдей түскен.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды