Иран президенті Хасан Рухани АҚШ-тың жаңа санкцияларына қарсы әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды france24.com/fr агенттігі. Оның мәлімдеуінше, Иран Ислам республикасының ішкі қорлары мен халықаралық валюталық резервтері жеткілікті.
«Тіпті ел басына өте қиын жағдай туса да, мен ирандықтардың негізгі қажеттіліктерден таршылық көрмейтіндіктеріне уәде беремін. Бізде қант та, бидай да, өсімдік майы да жетеді. Біз шетелдік валютаға өте баймыз», - деген ол.
Кеше, 26 маусымда АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің өкілі тілшілерге АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын нөлге түсіруге ниетті екенін хабарлаған еді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұдан бұрын да Иранға салынатын санкция «тарихтағы ең қатал санкция болады» , - деп мәлімдеген болатын. Енді, осыған орай Рухани АҚШ қандай санкция салса да, дайын екенін мәлімдеуде.