Инвесторлар Марк Цукербергтен «Facebook» компаниясын тартып алмақ – деп хабарлайды «Business Insider» ақпарат көзі.
Басылым мәліметінше, «Facebook» компаниясына 3 миллиард доллардан астам қаржы құйған инвесторлар Марк Цукербергты директорлық қызметтен алып тастауды талап еткен. Олардың бұндай қадамға баруына соңғы уақыттары «Facebook» маңында болып жатқан даулы оқиғалар себеп болған. Атап айтқанда миллиондаған «Facebook» қолданушыларының жеке деректерінің рұқсатсыз жариялануы инвесторларға ұнамаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін америкалық және ұлыбританиялық БАҚ беттерінде Cambridge Analytica компаниясының 50 миллионнан астам «Facebook» қолданушыларының жеке деректерін рұқсатсыз сараптамадан өткізгендігі жөнінде ақпарат тараған. Бұл ақыр соңында «Facebook» компаниясының бір сәтте 60 миллиард доллар қаржысынан айырылуына алып келген.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды