Төрт жылдан бергі келіссөздер және бір өкілдің қаза болуы сынды жағдайлардан кейін, Филиппин үкіметі оңтүстік Минданао аралында мұсылман сепаратистік ұйымына автономия беретін заң шығарады. Бұл туралы VOA News хабарлады.
Филиппин Парламентінің екі палатасы аталған заң жобасын алғашқы адымда мақұлдады. Елдегі БАҚ-тың хабарына қарағанда, президент Дуттерте 23 шілде күні бұл шешімді ресми түрде растап, заңға қол қояды. Бұл заң бір ірі үкіметтік емес ұйымға – Моро ислам азаттық ұйымына Минданао аймағында жерді пайдалануда автономия құқығын бермек.
Дегенмен, Филиппинің кейбір лауазымдыларының айтуынша, Парламент аталған ұйымның үкімет болып құрылу үшін керекті кейбір құқықтарын алып тастайды. Тым көп шектеу олардың наразылығын өршітеді, сондықтан осындай заң қабылдап отырғанын айтады.
Филиппиннің батыс Минданао мен басқа аралдарында мұсылмандар 500 жылдан астам уақыттан бері жасап келеді. Олар Филиппиндегі барлық ресурстарға бақылау жасайтын христиан көпшілігінің билігіне разы емес. 1960 жылдары Филиппиндегі мұсылмандардың үкіметке қарсы күресі басталғаннан бері қақтығыстардан 121 мыңнан астам адам көз жұмды.
2014 жылы Моро Ислам Азаттық фронты мен Филиппин үкіметі қақтығысты тоқтатып, келісім жасауға кіріскен. Содан бері аталған ұйым үкіметпен бірнеше рет келіссөз өткізді.