Ресей Қорғаныс министрлігі екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германия үкіметінің «Барбаросса» жоспарының картасын жариялады.
Маусым айының 22-і күні Ресей Қорғаныс министрлігі өз мұрағатындағы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты бірқатар құжаттарды жариялады. Олардың ішінде сол кездегі Адольф Гитлердің басқаруындағы Германия үкіметінің «Барбаросса» жоспарының картасы бар.

"Барбаросса" жоспарының картасы.
Естеріңізге салайық, 1941 жылы 22 маусымда Германия Кеңестер одағына қарсы соғыс ашқан. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс бұдан сәл ертеректе 1939 жылдың 1 қыркүйегінде басталған. Дәл осы жылы Германия Польшаға басып кірген.
Айта кететін бір жайт, қазіргі таңда Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты қоғам пікірі екіге бөлінген. Олардың бірі 1941-1945 жылдары Кеңестер одағы мен Германия арасында болған соғысты "Ұлы Отан соғысы" - деп атауды қолдаса, енді бірі "бұл соғыстың Қазақстанға қатысы жоқ. Бұл ел есінде тек екінші дүниежүзілік соғыс ретінде қалуы тиіс" - деп есептейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?