Ұлттық банк «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын бекітті. Бұл туралы қаржы реттеушінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы күні Ұлттық банк жанынан «Баспана» еншілес ұйымы құрылған. Аталған мекеме екінші деңгейлі банктермен келісімшарт жасап, қорға 1 трлн теңге жинайды. Ізінше, аталған қаражатқа жаңадан салынған тұрғын үйлердегі пәтерлер сатып алынбақ.
«7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін салымшылар баспана құнының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде жинауы керек. Кейін, «Баспана» ұйымымен бірлесе жұмыс істейтін лицензиясы бар банктерге өтініш береді. Комиссия өтініш түсірген адамның жеке мәліметтерін тексеріп, барлық талапқа сай келсе, жаңа пәтерлерді 25 жылға 7 пайызбен жалға бермек. «7-20-25» бағдарламасының артықшылығы да осында.
Пәтерлерді еліміздің кез келген өңірінен алуға болады. Ең қымбат үйлердің бағасы - 25 млн теңге. Олар Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында орналасқан. Ал, өзге өңірлердегі баспана құны 15 млн теңгеден аспайды.
Аталған бағдарламаға басында баспанасы жоқ, төлем қабілеті бар адамдар ғана қатыстырылады. Өтініштерді қабылдау биылғы жылдың екінші жартынан басталады. Бағдарлама шаттарымен мына сілтемеге кіру арқылы толығырақ таныса аласыздар.