Мамыр айында АҚШ-тың Иранға экономикалық санкцияны қайта қалпына келтіруі, ИИР үкіметіне ғана емес, кезекті футболдан Әлем Чемпионатына қатысатын Ұлттық құрамасына да әсер етті. Иран командасы ӘЧ додасына қатысу үшін де аз болмаған қиыншылықтарды жеңуіне тура келді.
Айталық, бұған дейін Иран Ұлттық құрамасына демеушілік етіп келген nike компаниясы, АҚШ санкциясынан қорқып, орта жолда Иран Ұлттық құрамасымен жасасқан келісімді тоқтатты. Соның салдарынан ирандық спортшылар 70 пайыз жеңілдікпен сатылған Adidas спорттық киімдерін сатып алуға мәжбүр болған. Тіпті құрама сабындағы көптеген ойыншылар футболға киетін арнайы спорттық аяқ киімдерін Ресейге келгеннен кейін ғана, дүкендерді аралап сатып алған. Кейбіреуі еуропалық спортшылар арасындағы таныс-білістерінің көмегіне жүгініп, «Еуропадан ала келуін» өтінсе керек.
Иран құрамасының жарысқа дейінгі қиыншылықтары бұл ғана емес. Әлем елдері арасындағы саясаттың салқыны Иран командасының жолдастық кездесу өткізуіне де кедергі болған. 2006-2012 жылдар арасында Иран ұлттық құрамасы жолдастық кездесуге шақырған командалардың бәір дерлік, саяси тұрақсыздық пен қауіпсіздік мәселесін алға тартып, кездесуден бас тартып отырған. Ал, Грекиямен 2 маусымда Стамбул қаласында өткізуді жоспарлаған жолдастық кездесуі, Грекия мен Түркия арасындағы саяси араздыққа байланысты күшінен қалдырылған.

Ұлттық құраманың алғашқы жеңісін тойлаған ирандықтар. Фото: IRNA.
Дегенмен, осы қиыншылықтарды артта қалдырып, Иран құрамасы алғашқы ойындағы жеңісімен ирандықтарға қуаныш сыйлады. Құрама ойыншыларының айтуынша, Әлем Чемпионы атағынан үміті аз болса да, Иран құрамасының басты мақсаты – сапалы ойын көрсету.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?