Еуродақ Кеңесі Қырым аннекциясына байланысты Ресейге салынатын санкцияны 2019 жылдың 23 маусымына дейін ұзартты. Бұл туралы Еуропа Одағы кеңесінің ресми сайтында хабарланды, - деп жазады «20minutes.fr» агенттігі.
Аталған санкция Қырым мен Севастопольдан Еуродақ елдеріне импортталатын өнімдерге, сондай-ақ, Қырым мен Севастопольға инвестиция құюға тыйым салады. Еуропалықтар мен еуропалық компанияларға Қырымда жылжымайтын мүлік сатып алуға, қырымдық компанияларды қаржыландыруға, сонымен қатар тауарларды жеткізу қызметтерін көрсетуге рұқсат жоқ. Бұлардан бөлек, санкциялар қатарында Қырым мен Севастополь туристік сапарларына байланысты қызметтерге, инфрақұрылымға байланысты техникалық көмек, делдалдық, құрылыстық немесе инженерлік қызметтерге тыйым салынған.
Еске салайық, 24 мамыр күні халықаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың ЕО елдерінен Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатуды талап еткенін хабарлаған еді. Оның үстіне, Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй да Ресейге қарсы санкцияларды күшейту керектігін мәлімдеген болатын. Енді, аталған санкциялар тағы бір жылға ұзартылуда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті