Кеше, АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео Қытайдың орталық қаласына ресми сапармен барып, Қытай СІМ басшысы Уаң Имен кездесті. Бұл Помпеоның мемлекеттік хатшы лауазымымен Бейжіңге жасаған алғашқы сапары. Кездесуде екі елдің лауазымдылары Корей түбегінің жаңа тарихи үдерісі туралы кеңесті. Бұл туралы VOA агенттігі хабарлады.
Помпео сөзінде: «Корей түбегіндегі жағдайдың соғыс қаупінен бейбітшілікке өзгеруінде Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай елдері үлкен рөл атқарды. Аталған елдер президенті Трамптың осы бағыттағы күш-жігерін, үлкен рөл атқарғанын мойындайды», – деді. Ол және Қытай сыртқы істер министрімен өткізген баспасөз жиынында, Солтүстік Корея ядролық қарудан толық бас тартпайынша, оған бағытталған санкциялардың алынбайтынын да атап өтті.
Помпеоның Бейжің сапарында АҚШ-Қытай қарым-қатынасы, екі ел арасындағы сауда дауы, Оңтүстік Қытай теңізі мәселесі, діни наным сенім бостандығы мен адамдық құқық мәселелерін де талқыға салды.
Сапары барысында Помпео Қытай төрағасы Ши Жинпиң қабылдауында болды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес