Парламент Сенатының жалпы отырысында «Сайлау туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды. Осыған дейін Мәжілісте бекітілген жаңа құжатқа Сенат депутаттары қарсылық танытты.
Олар ауыл әкімдерін төте сайлауды енгізуге қатысты норманны алып тастауды талап етті. Өзгеше айтқанда, елді мекен басшыларын халық жасырын түрде сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруі арқылы сайлағандарын қаламайды. Сөздерінше, аталған заңға мұндай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Сондықтан ауыл әкімдерін бұрынғы тәртіп бойынша тағайындай берген дұрыс дейді. Яғни әкімдерді аудандық мәслихат депуттары таңдаған жөн болады деген пікірде.
Осыны желеу еткен Сенат депутаттары аталған заң жобасын Мәжілістің қарауына қайта жіберді. Егер төменгі палата өкілдері сенаторлардың бұл пікірімен келіспесе, онда қосымша комиссия құрылып, дау тудырған мәселе ортақ жолмен шешілетін болады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті